Адэми кімнің көңілдесі? Әнші күйеуіне опасыздық жасағанын ашық айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром
Канн сынды «А» санатты кинобәйгелерде бақ сынау үшін, Айгүл Ақсамбиева «Глина-любовь» атты фильм таспалаған-ды. Тек, драма - конкурстардан бұрын, прокатқа шығуы тиіс деп шешкен. Адэми мен Азиз Бейшеналиевтің қатысуымен түсірілген картина, отандық кинотетрлардан көрсетілетін тұңғыш қысқаметрлі фильм болмақ. «Глина любовь» бұған дейін тек телевизиялық жобалар мен телехикаяларға режиссерлік еткен Айгүл Ақсамбиеваның үлкен кинодағы тырнақалды туындысы. Неміс драма театрының актері, басты рөлдегі Ахылхан Алмасовтың да киноға басқан алғашқы қадамы. Адэмидің де түсірілім алаңындағы тұңғыш тәжірбиесі. Дегенмен, актерлық құрамға жиырма жылдан бері кинематографияда жүрген Азиз Бейшеналиев жол көрсете алған. 90 жылдардағы тоқырау заманда өнердің тұралаған тұсы баяндалады. Мүсінші мен әншінің отбасына бұл салқынның көбірек тигені анық. Азиз Бейшеналивтің кейіпкері, өнерлі жанұяның отағасы қиындықты еңсеруге талпынғанымен, отанасы, әнші Дина бірден сынып кетеді. Сондықтан да, өзге еркектің құшағынан жылу іздейді. Айгүл Ақсамбиева, «Глина-любовь» фильмінің режиссері: -Бұл өте қызық оқиға мен үшін. Себебі, біздің менталитетте ер адам әйел адамның мұндай қателіктерін кешпейді. Қандай жағдай болса да, адамдарды қайырымды болуға шақырдым. Бұл менің негізгі мақсатым. Ademi, әнші: - Кейіпкерімді өзім үшін ақтап алдым. Әйтпегенде, өзге еркекпен бір төсекте жатуға батылым бармас еді. Азаматыңның алдында тізерлеп тұрып кешірім сұрау да мен үшін жат нәрсе. Айгүл Ақсамбиева бұл рөлді тек Адэмидің алып шыға алатынына сендім дейді. Сондықтан да, сценарийді әншіге лайықтап жазған. Режиссердің үкілеген үміт ақталды ма? Меруерт Түсіпбаева, әнші, актриса: - Өз өмірімде құлай сүйген болатынмын. Сондықтан да, бүгін Әдемінің ойнаған кейіпкерінің жан дүниесі маған қатты таныс. Өйткені, әйел ретінде біз басымыздан айырылып ғашық боламыз. Мен Әдемінің бірініші дебютына бес деген баға қоямын. Алуа Қонарова, продюсер: - Әрине, Адэмидің киноға басқан алғашқы қадамы жаман емес! Дегенмен, әлі де ізденіп, жетілгені артық болмас. Шеберлігін шыңдау керек. Драма жаздың соңында үлкен экранға жол тартады. Қоғамда қозғау сала алатын туынды болғаны үшін, отандық прокат қабылдады дейді режиссер.