vlcsnap-2017-08-07-10h07m09s051

91 тобының эксклюзивті жаңалықтары тек бізге тиесілі!

 

91 тобының эксклюзивті жаңалықтары тек бізге тиесілі!

«Ревю» өткен маусымда «Найнти уанның» жойқын камбэгінің куәгері болды! Олар үнсіздігін үзіп, сахнаға қайта оралғаннан бергі әр жаңалығын біз мүлт жібермей, эксклюзивті түрде бірінші болып жариялап отырдық! Мемберлер аз тірлік атқарған жоқ!

«91»-ліктер кью-поп субмәдениетін енгізуші, негізін қалаушы! Олар отандық шоу-бизнесте осы жолды салған соң, іздерін жалғар топтардың қарасы молайды. Басты ұстанымдары – әрдайым позитивте болу, кереғар пікірлерге мүлдем құлақ аспау!
Ерболат Беделхан,продюсер:
Бұл субмәдениет бұрынғы альтернативті музыкаларға қараған кезде, өте бейбітшілікті үгіттейтін, насихаттайтын музыка. Сөз жүзбен емес, іс жүзбен көрсетуіміз керек.
«91» заманауи музыканы тек қазақ тілінде ұсынумен ғана шектелмек емес!Субмәдениетті олар өз стилінде қалыптастыру жолында еңбектенеді.
«Ninety one» тобы:
Қазақ тілінде көше тілі мәдениеті жоқ және сленгтер дамымаған. Бізге оны шығару керек, шығаруға тура келеді.
«Найнти Уан» сәуірде «жойқын камбэк» жасап, сахнаға қайта оралғалы бері жаңалықтары толастаған жоқ! «Қараңғы жарық» үнтаспасының үш бөлімін, бұған қоса иглзға паймдарын «сыйлады». Күйтабақтың әр бөлігімен берге тың бейнебаян да дайын тұратын.
«Ninety One» тобы:
Көбісі бізді өзгерді деп жатыр. Тұлға ретінде өзгерді деп жатыр, музыкалық талғам ретінде өзгерді деп жатыр. Иә, біз өзгердік.
Расында олар есейді, музыкалары да дамыды! Өнердің өзге шыңдарын бағындыруға да тырысты. Актерлікке қадам басқан кью-поперлер әуелі «91» фильміне түсті. Картинаға режиссерлік еткен Асқар Ұзабаевтың айтуынша, жігіттер бұл жүкті де лайықты арқалап шыққан. Байопик 24 – тамыздан үлкен экранға жол тартады.