Кентал төбелесіп, салтанатты кештің топалаңын шығарды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кенталдың болмысы «қой аузынан шөп алмасқа» ұқсайды. Әсте олай емес! Сері мектеп бітіру кешінде төбелесіп, салтанаттың топалаңын шығарған екен. Мұнысын өзі ар санамайды! Керісінше, «ер шекіспей, бекіспейді» дейді.

Кентал, әнші:

- Көп төбелес болды выпускнойда. Қызықтың бәрі сол болды. Енді білмеймін енді, жастармыз ғой, жас кезімізде кішкене выпускнойдан кейін, жас балдар төбелеседі ғой, ер адамға ол сай. Мектеп кезімді сағынбаймын себебі, мектеп негізі маған ұнаған жоқ, оқу деген менікі емес.

Қанша талпынса да, Кентал білім алуға құштарлығын оята алмай-ақ қойды. Есесіне, ес білген шақтан музыкаға ғашық! Сондықтан, жарытып оқымасам да, «өмірдің бір тетігін тауып, кірпіш болып қаланып», - кеттім дейді.

Үзеңгілестері оқу бітіру кешінде, бидің түбін түсіріп жатқанда, Айриге жол жүріп кетуге тура келген.Сылқымның продюсері дәл сол күні әншіге тапсырыс қабылдап қойған екен.

Ayree, әнші:

- Академияны бітірген соң, бізде выпускной балл болды. Бірақ дегенмен мен да оған қатыса алмадым. Себебі, мені гастрольдық сапарға продюсерім жіберді. Сондықтан мен өкінішке орай, керемет кештен қалып қойдым.

Дидар Кәденді сыныптастары мектеп бітіру кешінің мәртебелі мейманы ретінде шақырған.

Дидар Кәден, әнші:

- Мен шынымды айтсам 9 сыныпта колледжге кетіп қалған болатынмын. Бірақ 11 сынып менің класстастарым бітірген кезде, барып ән айттым. Бірақ 9 сыныпта кеткен кезде, қимастық болды.